Menu HELPDESK

Халықаралық байланыстарды кеңейту: Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институтымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

28 ақпан күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының басшылығы Әжинияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институтының делегациясын қарсы алды.

Кездесу барысында консерватория ректоры Гаухар Тасбергенова және институт ректоры Қуандық Қадиров ынтымақтастықтың форматын, музыкалық білім саласындағы бірлесіп жүзеге асырылатын академиялық бағдарламалар мен жобалардың перспективаларын талқылады.

Кездесу соңында екі оқу орнының оқытушылары мен студенттері арасында тәжірибе алмасуды, білім беру және шығармашылық бастамаларды жүзеге асыру үшін негіз болатын ынтымақтастық туралы меморандумға қойылды.

Меморандум консерваторияның ғылыми және мәдени қарым-қатынастарын дамытуға бағытталған халықаралық байланыстарын нығайтатыны анық.

 

 
Альбомдарға оралу