Menu HELPDESK

Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова ресми сапармен келді

30 мамыр күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова ресми сапармен келді.

Кездесу барысында қор мен консерватория арасында ғылым, өнер және мәдени алмасу салаларындағы бірлескен бастамаларға жол ашатын ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Консерватория ректоры Гаухар Тасбергенова мен Ақтоты Райымқұлова түркі халықтарының мәдени мұрасын сақтау және кеңінен насихаттау, музыкалық білім беруді дамыту, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты нығайту бағытындағы ортақ жобалардың перспективаларын талқылады.

Халықаралық қор басшылығының сапары мен құрған мазмұнды диалогы үшін алғысымызды білдіреміз! Алдағы уақытта ортақ мәдени құндылықтарды ілгерілету жолында маңызды қадамдар жасайтынымызға сенімдіміз.


  
 

Альбомдарға оралу