Menu HELPDESK

«Халық әні» аталымы бойынша

2025 жылдың 2 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында ХVІI Республикалық студенттік пәндік кіші Олимпиадасы аясында «Халық музыкасы» факультетінің ұйымдастыруымен  «Халық әні» аталымы бойынша конкурс өтті. Олимпиадаға  профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Е.Шүкіманов, профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері А. Қосанова, «Халық әні» кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы В.Қаржаубаева төрелік етті. Астана, Шымкент, Алматы, Семей, Жезқазған, Ақтау, Орал, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Ақтөбе қалаларындағы музыка және өнер колледждерінен Н. Іздашова, Д.Тұрсынғазы, Т. Бақдәулет, Д.Тасмағанбетова, Р.Төлеубай, Ш.Сейтахмет, Ә.Сейтқазы, А.Санбаев, Е.Өміржан, І.Нүптеке, А. Медетхан, Н.Мәдібек, Ү.Қыбырай, Д.Қуаныш,  Т.Қынтаева, С. Кенжебай, А.Касимова, А. Калмен, Д.Кабиденов, Ш.Зайкен, Ұ. Жаннатова, Н.Жайықов, Ә.Жеңіс, А.Ермұратұлы, Р.Ғазизов, А.Бөлтекова, Т.Әлдібай, Т.Аманжол, Н.Асқарқызы, С.Абсамат, Ш.Асығатұлы, Н.Абылайұлы сияқты 32 студент қатысып, бақ сынады.

«Халық әні» аталымы бойынша І орынға П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің 4-курс студенті Аяжан Касимова;

ІІ-орынға М. Төлебаев атындағы музыка училищесінің 4-курс студенті Досхан Тұрсынғазы, Шымкент қалалық саз колледжінің 4-курс студенті Нұртуған Абылайұлы және «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінің Ұлдай Жаннатова;

ІІІ орынға К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті колледжінің 3-курс студенті Іңкәр Нүмтеке, А. Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің 4-курс студенті Айбар Санбаев, М.Төлебаев атындағы музыка училищесінің 4-курс студенті Нұрайым Асқарқызы, Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің студенті Асқат Ермұратұлы және П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің 4-курс студенті Нұрасыл Мәдібек ие болып, ХVІI Республикалық студенттік пәндік кіші Олимпиадасының лауреаттары атанды.

 
  
Альбомдарға оралу