Menu HELPDESK

«Халық әні» кафедрасының құрылғанына 35 жыл толуына орай Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді

IMG_20220414_112648.jpg


2022 жылдың желтоқсан айының 1-2 жұлдызында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясындағы «Халық музыкасы» факультетіне қарасты «Халық әні» кафедрасының құрылғанына 35 жыл толуына орай «ХХІ ғасырдағы түркі халықтарының ұлттық орындаушылық өнері: зерттеу және білім беру мәселесі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтпек.

Конференция ұйымдастырушылары түркі халықтарының орындаушылық және шығармашылық жоғары оқу орындарының білім берудегі өзекті мәселелерін, түркі музыкасы саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми ізденістерінің нәтижелерін талқылауды, сондай-ақ дәстүрлі музыка мәдениетін жан-жақты дамыту үшін нақты шешімдерді іздестіру жолын кеңінен қамтуды мақсат етеді.

Келесі бағыттар бойынша әртүрлі мәселелерді кең көлемде талқылау көзделіп отыр:

· Түркі халықтарының ұлттық музыкасын зерттеудің теориясы, тарихының қазіргі әдіснамасы.

· Түркі халықтары музыкасының тарихы: стильдер, бағыттар, тұлғалар.

· Түркі музыкасының тарихындағы пәнаралық байланыстар.

· Ұлттық музыканы зерттеудің заманауи әдістері.

· Қазіргі заманғы мәдениет контекстіндегі Фольклор мен ұлттық дәстүрлер.

· Қазіргі заманғы өнерді және шығармашылық білім беру кеңістігін ақпараттандыру.

· Өнер педагогикасы ғылым және практика ретінде.

·  Ұлттық музыкада білім берудегі дәстүрлер мен жаңашылдықтар.

·  Музыка өнері мен білім беруді дамытудың заманауи үрдістері.

·  Кәсіби құзыреттілікті дамытудың инновациялық технологиялары.

·  Аймақтық орындаушылық дәстүрлер мен мектептер.

·  Орындаушылық өнер, кәсіби шеберлік.

Конференция бағдарламасы пленарлық отырысты, секциялардағы жұмыстарды, тақырыптық мәжілісті өткізуді қарастырады.

Аталмыш шараға түркі халықтарының ұлттық музыкасын зерттеп жүрген ғалымдар, ғылыми қызметкерлер, мамандар, сондай-ақ шығармашылық жоғары оқу орындарының оқытушылары, докторанттары, магистранттары шақырылады.

Конференцияға қатысу үшін 2022 жылдың 5 қарашасына дейін kafedra87@inbox.ru электронды мекенжайға өтінім мен баяндама тезистерін беру қажет. Конференция ұйымдастырушылары өтінімдер мен тезистерді іріктеу құқығын өздеріне қалдырады. Өтінімдер мен тезистер талаптарға сәйкес келген жағдайда, ұйымдастырушылар 2022 жылғы 1 желтоқсанға дейін материалдар жинағын басып шығару үшін, баяндамалардың толық мәтінін сұрату үшін 10 қарашаға дейін өтініш берушілермен хабарласады.

Студенттердің, магистранттардың мақалалары тек ғылыми жетекшілерімен бірлесіп қабылданады.

Конференцияға қатысушылардың жол жүру және тұру шығындарын жіберуші тарап төлейді.

Конференция аралас форматта (офлайн және онлайн) өтеді.

· Конференция тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

· Баяндамалармен сөз сөйлеу регламенті: 15 минуттан артық емес (+5 минут пікірталас).

Ұйымдастырушылар: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Халық әні кафедрасы.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Абылайхан даңғылы 86, конференц зал.

Телефон: +7-778-119-59-14 (WhatsApp); +7 (727) 272-95-81

Электрондық пошта: kafedra87@inbox.ru

    

Өтінім

Альбомдарға оралу