Хор дирижерлері байқауынан жеңіспен оралды
24-26 ақпан аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Дирижерлеу» мамандығының студенттері, магистранттары және түлектері Сергей Васильевич Рахманиновтың туғанына 150 жыл толуына арналған профессор Валерий Успенский атындағы ІІ Халықаралық хор дирижерлері байқауына қатысты. Байқау Ресейдің Санкт-Петербург қаласында, Н.А. Римский-Корсаков атындағы консерваторияда өтті.
Барлық сайыскерлер лайықты деңгей көрсетіп, келесі марапаттарға ие болды:
"В" САНАТЫ - жоғары оқу орындары (мамандық, бакалавриат, магистратура)
Серік Әлия (бакалавриат, 4-курс, проф. Б. А. Жаманбаевтың сыныбы) - 2 дәрежелі ЛАУРЕАТ;
Тілеген Нұрдәулет (магистратура, 1-курс, проф. Б. А. Жаманбаевтың сыныбы) - 3 дәрежелі ЛАУРЕАТ және «Самому артистичному дирижеру» дипломы;
Өтеміс Бекзат (магистратура, 1-курс, проф. Б. А. Жаманбаевтың сыныбы) – «Самому артистичному дирижеру» дипломы;
"С" САНАТЫ – аспиранттар, ассистент-тағылымдамашылар және 35 жасқа дейінгі жас мамандар:
Шарип Аршат (Құрманғазы атындағы ҚҰК түлегі, проф. Б. А. Жаманбаевтың сыныбы) - 2 дәрежелі ЛАУРЕАТ, «Самому артистичному дирижеру» дипломы.
Барлық қатысушыларды алған марапаттарымен құттықтаймыз және шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!