Menu HELPDESK

«Композиция» мамандығы бойынша XVI Республикалық пәндік студенттік олимпиадасы өтті

2024 жылғы 25-26 сәуірде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Композиция білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарының студенттері арасында XVI Республикалық пәндік студенттік олимпиадасы өтті. Үлкен студенттік олимпиада жоғары оқу орындарының ең дарынды студенттерін іріктеу және қолдау, олардың кәсіби қабілеттерін дамыту мақсатында жүзеге асырылды.

 

Бірінші тур «Авторлық шығарма» екі номинация бойынша өткізілді:

Номинация 1: Саксофон мен сүйемелдеуге немесе саксофоншылар ансамбліне арналған шығарма

Номинация 2: Міндетті түрде үрмелі аспаптың қатысуымен екі немесе одан да көп (максималды саны – квинтет) аспаптарға арналған авторлық шығарма.

 

Екінші тур берілген музыкалық тақырыптарға «Импровизация» болды. Импровизацияларды орындау уақыты 3-10 минутқа созылды.

 

«Композиция» номинациясы бойынша жеңімпаздар тізімі:

1 – орын Пестов Артемий, Құрманғазы атындағы ҚҰК. Ұстазы: Б.Ә.Дәлденбай - профессор.

2 – орын Арманова Дамира, Құрманғазы атындағы ҚҰК. Ұстазы: Д.Б.Бержапраков - оқытушы, өнертану магистрі.

2 – орын Бағытжанова Мәлика, Қазақ Ұлттық өнер университеті. Ұстазы: Д. В.Останькович - доцент.

3 – орын Серікбай Ринат, Құрманғазы атындағы ҚҰК. Ұстазы: Н.Б.Хинков - Айтбаева оқытушы, өнертану магистрі.

3 – орын Жумабек Нуршат, Құрманғазы атындағы ҚҰК. Ұстазы: Б.Ә.Дәлденбай - профессор.

3 – орын Абраев Руслан, Қазақ Ұлттық өнер университеті. А.К.Джамбаев - оқытушы, өнертану магистрі.





 

Альбомдарға оралу