«Композиция пәнін оқыту әдістемесі» атты оқу құралының тұсаукесер рәсімі өтті
5 наурыз 2025
5 наурыз күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының конференц-залында композитор, профессор, Қазақ ССР халық әртісі Бакир Баяхунов «Композиция пәнін оқыту әдістемесі» атты оқу құралының тұсаукесер рәсімі өтті.
Жарыққа шыққан еңбек - автордың композиторлық қызметі мен педагогика саласында жарты ғасырға жуық уақытта жиған-терген тәжірибесінің жемісі. Тұсаукесер барысында қатысушылар басылымның болашақ ұрпақ үшін маңыздылығын талқылап, композиция пәнін оқытудың әдістемелік мәселелері туралы әңгіме қозғады. Бакир Яхияновичті кітабының жарық көруімен құттықтауға Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Гаухар Тасбергенова арнайы келді. Ол Бакир Яхияновичтің Қазақстандағы музыкалық білімнің дамуына қосқан зор үлесін атап өтті.
Жиында оқытушылар, студенттер, сондай-ақ музыка педагогикасы мен композиторлық өнерге деген қызығушылығын танытқан жандар басқосты. Бакир Яхияновичті осы маңызды оқиғамен құттықтаймыз және барлық қатысушыларға алғыс айтамыз!
Альбомдарға оралу

Қабылдау 2024