Консерватория 1 наурыз Алғыс айту күнін атап өтті
2023 жылдың 1 наурызында Е. Рахмадиев атындағы үлкен концерт залында консерваторияның Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен Алғыс айту күніне орайластырылған «Алғысым шексіз» атты мерекелік концерт өтті.
Концерт консерваторияның Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ешмұханов Мұхамбет Ашхатұлының алғыс сөзімен ашылды. «Алғыс айту күні – бұл ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестіктің, ынтымақ пен бірліктің, өзара сенім мен құрметтің орнығуына сеп болар, тәрбиелік мәні жоғары мейрам. Себебі, адамзат баласына ең керек нәрсе – жан жылулығын сыйлайтын мейірім мен достық, ынтымақ пен сыйластық болса, осындай қасиеттеріміз үшін де біз бір-бірімізге алғыс білдіріп жатамыз. Алғыс білдіріп жүруіміз – маңызды.» деді, өз сөзінде Мұхамбет Ашхатұлы.
Мерекелік концертте өте жылы атмосфера орнап, орындалған әндер мен шығармалар көрерменді де орындаушы музыканттарды да зор әсерге бөлеп, есте қаларлық кеш болды.