Menu HELPDESK

Консерваторияға Нидерланд елінен келген сыйлы қонақтар ат басын бұрды



Бүгін дәстүрлі музыкалық өнеріміздің қарашаңырағы саналатын Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына Нидерланд королдігінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Андре Карстенс пен голландиялық виртуоз скрипкашы Эдмонд Фокер ат басын бұрды. Танымал скрипкашының Қазақстанға келу мақсаты – Нидерланд Корольдігі мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнатылғанына 30 жыл толуына орай жеке шығармашылық концертін өткізу.

Жалпы Эдмонд Фоккер – музыканы жүрегімен жеткізетін сезімтал орындаушылардың бірі, ол өнерге деген сүйіспеншілігімен ерте жастан танылған жан.

Қонақтарды консерватория басшылығы қарсы алып, кездесу барысында ректор Арман Әділханұлы Жүдебаев алдағы уақытта ынтымақтастық орнату туралы сөз қозғады. Кездесуге өнер-білім ордасының Ғылыми-шығармашылық және халықаралық ынтымақтастық жұмыстар жөніндегі проректоры Ғалия Бегембетова, Концерттік шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру қызметінің басшысы Айнұр Аязбаева, «Аспаптық орындаушылық» факультетінің деканы Айжан Бекенова, «Ішекті аспаптар» кафедрасының меңгерушісі Гаухар Мырзабекова қатысты.

Елімізге гастрольдік сапармен ат терлетіп келген өнер иесі Құрманғазы атындағы ҚҰК ұжымымен бірлесе жұмыс жасауға дайын екендігін білдірді. Жалпы жүздесу жылы әрі жайлы атмосферада өтті.









Альбомдарға оралу