Menu HELPDESK

Консерватория басшылығы ҚР Мәжіліс Парламенті Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетовпен және «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Станислав Канкуровпен кездесті


Консерватория басшылығы ҚР Мәжіліс Парламенті Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетовпен және «AMANAT» партиясы Алматы қалалық  филиалының төрағасы Станислав Канкуровпен кездесті.
Кездесу барысында бастауыш музыкалық мектептер мен жоғары оқу орындарындағы музыкалық білім беру саласындағы маңызды мәселелер талқыланды. Консерватория басшысы білім саласындағы заңнаманы жетілдіруге баса назар аударып, профильді докторлық бадарлама Doctor of Art ашу, магистратура мен докторлық диссертацияларға қойылатын талаптарды өзгерту және концертмейстерлердің жалақысын көтеру сияқты мәселелерді көтерді.

Консерватория ректоры Гаухар Тасбергенова қонақтарды жаңа оқу жылына арналған жоспарымен таныстыра отырып, консерваторияның 80 жылдық мерейтойына дайындық барысына ерекше мән берді. Жалпы еліміздің музыкалық мәдениетінің дамуына үлес қосатын бірнеше ауқымды іс-шараларын ұйымдастыру туралы ойын жеткізді.

 Кездесу соңында Асхат Аймағамбетов музыкалық білім беру саласында қордаланып қалған мәселелерді шешуде қолдау көрсетуге дайын екендігін айтты.

  

  
        

Альбомдарға оралу