Menu HELPDESK

Консерватория әкімшілігі ғылым және жоғары білім министрлігінің семинарына қатысты


2024 жылдың 29 тамызында Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығында Әділет Тойбаевтың төрағалығымен «Докторлық диссертацияларды қорғау, диссертациялық кеңестер қызметі, қазақстандық ғылыми журналдар – жаңа нормативтік түзетулер» атты оқыту семинары өтті.

Семинарға Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының әкімшілігі ғылыми-шығармашылық қызмет және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Галия Бегембетова, халықаралық бөлім басшысы Дамир Уразымбетов және вокал және дирижерлік факультетінің деканы Айзада Нусипова қатысты.

Іс-шара диссертациялық кеңестердің қызметіне, докторанттарды қорғауға қатысты нормативтік құқықтық актілердегі негізгі өзгерістерді түсіндіруге, сондай-ақ ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің ғылыми басылымдарының жаңа тізбесінің ерекшеліктерін талқылауға арналды.

    

      



Альбомдарға оралу