Menu HELPDESK

КОНСЕРВАТОРИЯ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ӘРІПТЕСТЕРІ «ШЫҒЫС ҚОЛЖАЗБАЛАРЫН КОНСЕРВАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ РЕСТАВРАЦИЯЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГКЕ ҚАТЫСЫП, ТӘЖІРИБЕ АЛМАСЫП ҚАЙТТЫ

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы кітапханасының қызметкерлері ҚР Ұлттық кітапханасының 115 жылдығына арналған "Шығыс қолжазбаларын консервациялау және реставрациялау ерекшелігі" семинар-тренингіне қатысты және Орталық Азия бойынша IFLA/РАС сақтау мен консервациялаудың негізгі бағдарламасы және жазбаша құжаттарды консервациялау және реставрациялау мектебінің аймақтық орталығының жұмысы аясында өткізілді. Оқыту 2025 жылғы 2-3 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ғимаратында өтті. Семинар-тренинг аясында Мастер-класстарды Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі кітап ауруханасының қолжазбалар институты басқармасының мұрағаттар департаментінің жетекші маман-реставраторы Гизем Ердем өткізді. Бағдарламаны сәтті меңгерген және сертификаттар алған кітапхана әріптестеріміз, консерватория қызметкерлерін осы жетістіктерімен құттықтаймыз:
1. Шегирова Ләззат Серікбайқызы
2. Искакова Гүлжанат Несіпжанқызы
3. Жаныл Қанатпайқызы Динистанова
4. Тиленчиева Жеңіскүл Мамырқызы
Семинар-тренинг барысында консерватория кітапханашылары шығыс қолжазбаларын консервациялаудың негізгі кезеңдерімен танысты: сақтаудың алдын алу әдістері, реставрация алдындағы зерттеулер, артефактілерді химиялық тазарту, түптеу технологияларының ерекшеліктері (капталдарды тігуді қоса алғанда), сондай-ақ реставрациялық қағаздар мен желім құрамдарын қолдану. Алынған білім біздің мамандарға сирек кездесетін ноталық және қолжазба материалдарына дұрыс күтім жасауға және бірегей мәдени мұраны сақтауға көмектеседі. Семинарға қатысуға және іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндік бергені үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына үлкен алғысымызды білдіреміз. Әріптестерімізді табысты оқумен тағы да құттықтаймыз және кәсіби өсуге ұмтылыстары үшін алғыс айтамыз!

   

Альбомдарға оралу