Menu HELPDESK

Консерватория магистранты халықаралық байқау жеңімпазы атанды



Таяуда Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен «Санкт-Петербург – әлемдік музыкалық мәдениет айнасында» атты орындаушылар байқауында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Фортепиано» мамандығының 2-курс магистранты Ғимарат Ерназар (профессор С.А. Массовер сыныбы) екі кезеңнен өтіп, 3 орын иегері атанды. Қазылар төрағасы – Герцен атындағы Өнер институтының ректоры, өнертану ғылымының докторы, профессор С.В. Тарасов және тең төраға ретінде шақырылған арнайы қонақ Ресей Федерациясының Халық артисі, профессор, Римский-Корсаков атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік консерваториясы «Арнайы фортепиано» кафедрасының меңгерушісі Е.А. Мурина болды. Ал қазылар алқасы құрамында Израиль, Жапон, Еуропа мемлекеттерінің өкілдері болды.


Сонымен қатар, Ғимарат Ерназар желтоқсанның 5-15 аралығында Астанада өткен I Халықаралық пианистер байқауында 2 орынды иеленді. Бұл байқауда төрелік еткендер: Қазылар алқасының төрайымы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор, ҚазҰӨУ фортепиано кафедрасының меңгерушісі С. Асабаева және тең төраға ретінде арнайы шақырылған қонақ Башқұртстанның еңбек сіңірген артисі, профессор, Шнитке атындағы Мәскеу музыка колледжі «Арнайы фортепиано» бөлімінің меңгерушісі Р. Шайхутдинов.


Ерназарды жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыстарың көп болсын демекпіз!







Альбомдарға оралу