Menu HELPDESK

Консерватория оқытушылары «Қырғыз дәстүрлі музыкасы» Қорының қолдауымен ұйымдастырылған Дәстүрлі музыка апталығына қатысты



2022 жылдың 20-25 сәуірінде Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында Халықаралық форматтағы ауқымды шаралар өтті. Қалың бұқараның назарына Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігінің, Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, А.А.Алтмышбаев ат. Философия, құқық және әлеуметтік-саяси зерттеулер институтының, Шыңғыс Айтматов ат. Тіл және әдебиет институтының және «Қырғыз дәстүрлі музыкасы» Қорының қолдауымен Дәстүрлі музыка күні және ІХ Халықаралық музыка және би конгресіне арналған Дәстүрлі музыка апталығы ұсынылды.

Аталған ірі де мазмұнды мәдени-ағартушылық және өте маңызды ғылыми шаралар ауызша дәстүрдегі дәстүрлі музыкалық өнерді сақтау, дамыту және тарату сияқты биік мақсаттар аясында өткізіліп отыр. Оған әртүрлі елдерден – Түркиядан, Әзірбайжаннан, Қазақстаннан, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Қарақалпақстаннан Ресейдің Хақас, Тыва аймақтарынан және басқа елдерден көптеген фольклоршылар, орындаушылар мен музыкатанушылар қатысты.

Дәстүрлі музыка Апталығы аясында дәстүрлі музыка тасымалдаушыларының концерті өткізілді: олардың қатарында: манасшылар, дастаншылар мен жыршылық өнердегі шеберліктерін ортаға салған ақындар, қомузшылар, қияқшылар, үрмелі (чоор, сыбызғы), варганды (темір ооз қомуз, жығач ооз қомуз) аспаптарда, және жетігенде, орындаушылар, аспаптық өнерлерін ұсынса, секетбай, арман дәстүрлі ән орындаушылары да аянып қалмады; халықтық және авторлық ән айтушылар (ұлттық аспаптың сүйемелдеуімен), вокалды-аспаптық бағыттағы ХХ-ХХІ ғасырлардың әуеншілерінің шығармаларын (аккордеонның, гармонның сүйемелдеуімен) орындаушылар болды.

Конгрестің бағдарламасындағы, бұдан бұрын жоспарланғанындай, пленарлық және музыкалық түркітанушылықтың әртүрлі аспектілері бойынша бірнеше секциялық мәжілістер болды. Ерекше атап өтерлік баяндамалардың қатарында Қырғызстандық музыкатанушылардың баяндамалары: өнертану докторы К.Ш.Дүйшалиевтың, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, өнертану кандидаты С.Сұбаналиеваның, Қырғыз республикасының халық артисі, профессор, Тоқтағұл ат. Қырғыз мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қырғыздың халықтық-кәсіпқой дәстүрлі музыкасы саласындағы өнертану ғылымдарының докторы Р.А.Аманованың баяндамалары ерекше атап өтерліктей болды.

Қазақстан тарапынан айтулы шараға Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, өнертану докторы С.Елеманованың «Түркі халықтарының дәстүрлі музыкалық мәдениттерді зерттеудің өзекті мәселелері», «Музыкатану. Арт-менеджмент» факультетінің деканы «Түркітілдес жыршылық өнер: сөздік тұрғыдан толықтыру мәселесіне» атты Г.Ж.Мұсағұлованың, «ХХІ ғасырдағы музыкалық архивтер: мұраны жұмыс барысында сақтау» деген қызықты баяндама жасаған өнертану ғылымының В.Е. Недлиннің баяндамалары өте қызықты жасалған.

Дәстүрлі ауызша дәстүрдегі музыкалық өнер шеберлерінің гала-концерті тыңдаушы аудиторияның ауызша дәстүрдегі музыкалық өнер шеберлерінің өзінің кең сұранысқа ие екендігімен таң қалдырды. Түркітілдес аймақтың әр түкпірінен келген орындаушылардың есімдері кәсіби және дәстүрлі өнерді сүйетіндер арасында баяғыдан белгілі. Солардың ішінде Қазақстаннан келген өкілдерді – А.Райымбергенов, А.Елшібаева, Б.Темірхан, С.Жұмағали, С.Бекмырза, Н.Жақыпбек жетекшілік ететін жетігенде орындаушылар ансамблі және көптеген басқа орындаушыларды ерекше атап өткіміз келеді.

Аталған ауқымды мәдени жоба аясында жемісті де нәтижелі кездесулер мен диалогтар ұйымдастырылды. Ол басқосуларда ғалымдар мен әр елден келген дәстүрлі музыка орындаушылары қатысушылар мен көптеген тыңдаушыларды түркі халықтарының музыка шығармашылықтарымен таныстырды.

Біз осы қажырлы еңбекті қажет ететін осы үдерісте өте жауапкершілікті адам, тамаша ұйымдастырушы және ұлттық мәдениет пен ғылымның тағдыры мен насихатына ынты-шынтасымен жанкүйер жанды, Қырғыз Республикасында жүйелі түрде жүзеге асырылып жүрген үлкен идеялардың белсенді авторын, оның біріктіруші рөлін бұдан бұрын да аңғарған едік. Бұл – Қырғыз Республикасының Халық артисі, Тоқтағұл ат. қырғыз мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қырғыз халықтық-кәсіпқой дәстүрлі музыкасы саласындағы өнертанушылық ғылымдарының докторы Роза Асанқызы Аманова. Бірқатар монографиялар, көптеген қызықты да өнімді жобалар сол кісінің қаламына тиесілі.


 

 



Альбомдарға оралу