Консерватория Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтымен ынтымақтастық туралы келісімге отырды
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен Алматы қаласындағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты арасында білім беру, ғылыми және инновациялық қызметке өзара мүдделілік қағидаттарына негізделген ынтымақтастық туралы келісім жасалды.
Осы құжатты бекітіп, қол қою үшін консерваторияға әскери институт бастығы полковник Даутов Қайрат Сапарбекұлы бастаған делегация арнайы келді. Институт өкілдері құрамында: Институт бастығының бірінші орынбасары (оқу және ғылыми жұмыс бойынша), оқу-әдістемелік басқарманың бастығы – полковник Олжабаев Мұрат Қуатбекұлы, Оқу бөлімінің бастығы - подполковник Торғаев Илья Николаевич, академиялық ұтқырлық бөлімінің бастығы, доцент – майор Тұрымбетов Мұхит Бауыржанұлы, Академиялық ұтқырлық бөлімінің әдіскері – майор Керімқұлов Жанарбек Махамбетұлы бар.
Консерватория ректоры м.у.а Әшіров Нұркен Нұрғалиұлы қонақтарды күтіп алып, келелі келіссөздер жүргізіп, маңызды құжатқа қол қойды. Сондай-ақ, аталмыш шараға консерватория тарапынан ғылыми-шығармашылық және халықаралық ынтымақтастық жұмыстар жөніндегі проректор Бегембетова Ғ.З., тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Ешмұханов М.А., «Дирижерлеу» кафедрасының меңгерушісі, профессор Жаманбаев Б.Ә., «Вокал, дирижерлеу және музыкалық білім беру» факультетінің деканы Нүсіпова А.С. және тағы да басқа әріптестеріміз қатысып, тарихи сәтке куә болды.
Екі ұжым арасындағы бұл құжат білім алушылар мен жас қызметкерлердің жан-жақты дамып, тәжірибе жинақтауына, сонымен қатар көптеген бірлескен жобалардың ұйымдастырылуына, өзара тиімді жұмыстардың атқарылуына сеп болады деп сенеміз.