Menu HELPDESK

Консерватория ректоры мен студенттердің 2023-2024 оқу жылындағы қорытынды кездесуі өтті

2024 жылдың 22 мамырында Е. Рахмадиев атындағы үлкен концерт залында консерватория ректоры Аширов Нұркен Нұрғалиұлы мен студенттердің 2023-2024 оқу жылындағы қорытынды кездесуі өтті. 

Кураторлық сағатта ректор Студенттермен жұмыс жасау бөлімі арқылы   білім алушылар тарапынан келіп түскен өтініштері мен ұсыныстарына жауап берді. Сондай-ақ, консерваторияның қоғамдық, әлеуметтік және шығармашылық өміріне белсене атсалысып, өнер-білім ордасында терең білімі мен біліктілігін танытып, оқу ісіне, ұйымдастырушылық жұмыстарға зор үлес қосып, лауреат атанған студенттерге ризашылығын білдіріп, Алғыс хаттар табыстады.




Альбомдарға оралу