Menu HELPDESK

Консерватория ректорының жылдық есебі өтпек


ҚР Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №190 Жарлығының 3 тармағына сәйкес, 2020 жылдың 25 қыркүйегінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Жүдебаев Арман Әділханұлының 2019-2020 оқу жылындағы консерватория қызметінің нәтижелері туралы халық алдындағы жылдық есеп беру кездесуі өтеді. Еліміздегі санитарлы-эпидемиологиялық жағдайға байланысты биылғы кездесу консерваториямыздың YouTube арнасында тікелей эфир форматында өтпек. Сондай-ақ эфирге консерватория сайты және фейсбуктегі ресми парақшасындағы сілтеме арқылы қосылып көре аласыздар.

https://www.youtube.com/channel/UCkiaseppH_8qDaJOMr1XHRw
Альбомдарға оралу