Menu HELPDESK

Консерватория ұстаздары кәсіби бағдар беру жұмысы аясында еліміздің шығыс өңірінде болып қайтты


2023 жылғы 2-5 мамыр аралығында кәсіби бағдар беру жұмысы аясында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушылары Айгалкаева Ботагоз Багдатқызы – «Арнайы фортепиано» кафедрасының доценті, Мәдениет саласының үздігі, Халилова Қорлан Маратқызы – «Ішекті аспаптар» кафедрасының аға оқытушысы, өнертану ғылымдарының магистрі, Иманбаев Азамат Қапуханұлы – «Үрмелі және ұрмалы аспаптар» кафедрасының оқытушысы, өнертану ғылымдарының магистрі, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан музыкалық училищесіне (Өскемен), М.Төлебаев атындағы музыкалық училищеге (Семей) және Дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп – интернатқа (Павлодар) барып, шеберлік сыныптарын және үш оқу орнының түлектерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында студенттер мен ата-аналар тарапынан қабылдау науқанының жұмысына, ҰБТ-ға тіркелуге, шығармашылық емтихандардың талаптарына және бағалау критерийлеріне қатысты көптеген сұрақтар қойылды. Олар консерваторияның жұмысына қызығушылықпен қарайтындықтарын айтып, консерваторияда ашылған академиялық ұтқырлық бағдарламасына, жаңа мамандықты енгізуге, қосымша мажор-минор білім беру бағдарламасына ерекше қызығушылық танытты. Консерватория тарапынан атқарылған жұмыстар үшін ұжым басшылығы қатысып отырған оқытушылар мен консерватория ректоры Арман Әділханұлына өз алғысын білдірді.

   










Альбомдарға оралу