Консерватория студенті «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегері атанды.
20 желтоқсан 2023 жылы Астанада үздік 30 жоба авторына «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты табысталды.
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын Мемлекет басшысы 2021 жылы жас қазақстандықтардың жаңа бастамаларын қолдау мақсатында құрған болатын.
Салтанатты шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Парламент Мәжілісінің депутаттары, ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты кеңесінің өкілдері, көрнекті қайраткерлер қатысты.
Осы жылы конкурсқа қатысу үшін 5 бағыт бойынша 3000-нан астам өтінім келіп түсті. Комиссия шешімімен мәдениет бағыты бойынша «Арт-менеджмент» кафедрасының 3 курс студенті Кимран Раушан «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегері атанды.
Жобаның ғылыми жектекшісі: «Арт-менеджмент» кафедрасының оқытушысы, PhD докторы Оспанова Айгерим Маратовна.
Кимран Раушанды және Оспанова Айгерим Маратовнаны шын жүректен құттықтаймыз!