Menu HELPDESK

Консерватория студенті «Үздік жас ғалым - 2022» байқауында жеңімпаз атанды



Халықаралық жас ғалымдар ассоциациясы Астана қаласында еліміздің жастарын қолдау үшін қолға алынған халықаралық жоба аясында «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің қолдауымен шығарылатын Тәуелсіз мемлекеттер достастығы «Үздік жас ғалым - 2022» атты талантты жас ғалымдардың кітап жинағының VІ шығарылымына енгізілетін ғылыми жұмыстарға 2022 жылдың 28 қыркүйегіне дейін байқау жариялаған болатын.


Аталмыш шарада консерваториямыздың 4-курс студенті Дариға Мұқият 2 орын иеленіп, үздіктер қатарынан көрінді. Сонымен қатар ғылыми жетекшісі өнертану ғылымдарының магистрі Мұхамбетжанов Шерхан Мұхамбетжанұлына ұйымдастырушылар тарапынан Алғыс хат табысталды.


Жас ғалымдарымызды жеңістерімен құттықтап, алар асуларыңыз көп болсын демекпіз.







Альбомдарға оралу