Menu HELPDESK

Консерватория студенттері айтулы өнер додасында топ жарды



2022 жылғы 27-29 қазан аралығында Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде «Дос-Мұқасан» вокалды-аспаптық ансамблінің 55 жылдығына арналған «Жастықтың алауындай, жүректің қалауындай «Дос-Мұқасан» фестивалі өтті.
Шараны Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің Спорт және жастар ісі департаменті «Дос-Мұқасан» вокалды-аспаптық ансамблінің мұрасын бүкіл әлемге таныту, замандастарымызды осы ұжымның қайталанбас туындыларымен таныстыру мақсатында ұйымдастырған.

Аталған шараға қатысқан Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының әртүрлі мамандықтарында білім алып жатқан студенттеінен құрылған Вокалды-аспаптық ансамблі қазылар алқасы мен фестивальді тамашалауға жиналған көпшіліктің жоғары бағасын алып, Бас жүлде иесі атанды. Олар әйгілі ансамбльдің үш әнін нақышына келтіре орындап, өнерсүйер қауым тарапынан «Жас Мұқасан» ансамблі аталып та үлгерді. Осы ансамбльге жетекшілік еткен «Халық музыкасы» факультетінің деканы, күйші, профессор Төлепберген Тоқжанға ұйымдастырушылардың Алғыс хаты табысталды.

Сондай-ақ, осы фестивальде жоғары дәрежеде өнер көрсеткен консерваторияның тағы бір ұжымы, үрмелі аспаптар ансамблі «Заманауи аранжировка» номинациясы бойынша I орынға ие болды.
Осындай жетістікке қол жеткізуге атсалысқан талантты жастарымызды және олардың жетекшілерін жеңістерімен құттықтап, шығармашылық табыстарыңыз көп болып, еңбектеріңіз жемісті бола берсін демекпіз!

2022 жылғы 27-29 қазан аралығында Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде «Дос-Мұқасан» вокалды-аспаптық ансамблінің 55 жылдығына арналған «Жастықтың алауындай, жүректің қалауындай «Дос-Мұқасан» атты фестиваль өтті.
«Дос-Мұқасан» вокалды-аспаптық ансамблінің мұрасын кеңінен насихаттау, ұжымның қайталанбас туындыларымен көпшілікті таныстыру мақсатында осы фестивальді ұйымдастырып отырған Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің Спорт және жастар ісі департаментіне алғысымыз шексіз.

Дарынды жастардың басын қосқан өнер додасында консерватория студенттерінен құрылған Вокалды-аспаптық ансамбль қазылар алқасының жоғары бағасын алып, Бас жүлде иегері атанды. Фестивальді тамашалауға жиналған көпшілік әйгілі ансамбльдің үш әнін нақышына келтіре орындаған ұжымды «Жас Мұқасан» ансамблі деп атап та үлгеріпті. Талантты жастарымызға шығармашылық табыс тілеп, оқуда да, еңбекте де жемісті болыңдар демекпін!








Альбомдарға оралу