Консерватория студенттері қайырымдылық концертін берді
2023 жылдың 1 наурызында Алғыс айту күніне орай консерваторияның белсенді студенттері «Шаңырақ» қарттар үйінде «Қарттарым – асыл қазынам!» атты қайырымдылық концертін ұйымдастырып, өз өнерлерін көрсетіп қайтты.
Шараның мақсаты қарттарымызға алғыс айтып, көңілдерін көтеріп, әсем әуендер арқылы мерекелік көңіл-күйге бөлеу.
Қайырымдылық концерт ұйымдастырушысы: «Арт менеджмент» мамандығының 2-курс студенті Тоқпанова Анель.
Концерт барысында студенттер ата-апаларымызға жылы лебіздерін білдіріп, ортаға шығарып билетіп, қуанышты сәттер сыйлады. Өнерлерін ұсына келген жастарға қариялар жағы алғыстарын жаудырып, баталарын берді.
Қарттарымызға ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, қажымас қайрат тілейміз!