Консерватория студенттері «ЕНИСЕЙ-KLAVIER» атты VI Халықаралық байқауда жүлделі орындарға ие болды
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері Ұлан Жақып пен Тұмар Мұсай Ресейдің Красноярск қаласында өткен «ЕНИСЕЙ-KLAVIER» атты фортепиано бойынша әртүрлі мамандықтағы студенттерге арналған VI Халықаралық байқаудың лауреаттары атағын жеңіп алды. Өнер сайысы осы жылдың наурыз айының 18 мен 21 күндері аралығында онлайн түрде ұйымдастырылған болатын. ІІІ дәрежелі дипломды иеленген Ұлан Жақып (оқытушысы Елена Севрук) «Фортепианолық ансамбль» аталымы, ал І дәрежелі дипломды қанжығасына байлаған Тұмар Мұсай (оқытушысы Дина Молдағалиева) «Фортепиано соло» аталымы бойынша конкурс лауреаттары атанды.
Байқаудың құрылтайшылары Жоғары білімге арналған «Дмитрий Хворостовский атындағы Сібір мемлекеттік өнер институты» ФМББМ және Жоғары білімге арналған «Дмитрий Хворостовский атындағы Сібір мемлекеттік өнер институты» ФМББМ жалпы фортепиано кафедрасы болып табылады.