Menu HELPDESK

Консерватория студенттері Француз музыканттарымен өнер көрсетті



2024 жылдың 20 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері «Франкофон көктемі» фестивалі аясында «Алматы Француз Альянсы» мәдени-білім беру орталығының 20 жылдық мерейтойына орайластырылған концертке қатысты.

Консерватория студенттері Жандос Тасжүрек (4 курс, домбыра), Айзада Кабдыкаримова (3 курс, сазсырнай), Тогжан Шакеримова (4 курс, скрипка) және Дина Нұрпейісова (1 курс, жетіген) Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының сахнасында француз музыканттары скрипкашы Фредерик Жуанне және джаз әншісі Габи Артманмен бірге өнер көрсетті.







Альбомдарға оралу