Menu HELPDESK

Консерватория студенттері медицина қызметкерлерімен кездесті



Бүгін консерваторияның Е. Рахмадиев атындағы үлкен концерт залында Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Ешмұханов Мұхамбет Ашхатұлының ұйымдастыруымен кураторлық сағат өтті. 

Студенттерге арналған жиында Республикалық отбасылық дәрігерлік орталығының маманы Райымқұл Болат Жаниярұлы қонақта болып, денсаулықты сақтау мәселелері бойынша мәліметтер беріп, білім алушылардың сұрақтарына жауап берді.

Күннің суытына орай тыныс жолдарының түрлі аурулары қозып, тұмаудың өршуі, басқа да дерттердің жайылу қаупі күшейетіні белгілі. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде, демекші, аурудан сақтану, оның алдын алу жолдары жайлы тарқата айтқан дәрігер маман, басқа да түрлі дерттердің таралуына тосқауыл қою керектігіне, бұл орайда гигиена мәселесі бірінші орынға шығатынына баса назар аударды. 

Денсаулықты күту үшін тазалық сақтау, антисептик түрлерін пайдалану, гигиена талаптарын қатаң тұту, салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды әдеттерден аулақ болу маңызды екені айтылды.



 



Альбомдарға оралу