Menu HELPDESK

Консерватория студенттері Виго консерваториясына Erasmus+ бағдарламасы бойынша байқаудан өтті



Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері 2024-2025 оқу жылының күзгі және көктемгі семестрінде Erasmus+ бағдарламасы бойынша серіктес-ЖОО Виго жоғары музыка консерваториясына (Виго, Испания) академиялық ұтқырлық бойынша оқуға гранттарды жеңіп алды.

 

Күзгі семестрге арналған үш оқу гранты келесі студенттерге (2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2025 жылғы 31 қаңтарға дейін):

Акбергенов Нуркен (2 курс, виолончель, педагог Джулмухамедова Айжан Абылайхановна);

Амангельды Лейла (1 курс, скрипка, педагог Гадеева Айгерим Муратхановна);

Асхат Мадина (2 курс, альт, педагог Сагимбаев Нурлан Ержанович).

 

Көктемгі семестрге арналған екі оқу гранты келесі студенттерге (2025 жылғы 27 қаңтардан 2025 жылғы 31 мамырға дейін):

Рыскулова Нурай (2 курс, скрипка, педагог Сапарбаев Еркебулан Исраилович);

Рысқали Зарина (2 курс, скрипка, педагог Сапарбаев Еркебулан Исраилович).

 

Студенттерімізді құттықтаймыз! Сізге сәттілік пен жемісті оқу тілейміз!











Альбомдарға оралу