Menu HELPDESK

Консерватория студенттеріне «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбындағы кураторлық сағат өтті


2024 жылдың 18 қыркүйегінде Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында кураторлық сағат өтті.
Іс-шараны Алматы қаласының Дін істері басқармасы және консерваторияның студенттер және түлектерімен жұмыс жасау бөлімі ұйымдастырды.

Дәрісті, Алматы қаласының ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы Сұлтан Мырзахметұлы Әбдірахманов өткізді. Іс-шара барысында студенттер деструктивті діни ағымдардың белгілері, экстремистік идеяларды таратудың әдістері және ұлттық және діни құндылықтардың өзара байланыстарымен танысты.

Сарапшы конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету үшін халықтың жалпы мәдениеті мен білімін, оның ішінде құқықтық сананы отбасымен қоғамда толерантты дәстүрлерді бекітуді арттырудың маңыздылығын атап өтті.
  

  
Альбомдарға оралу