Menu HELPDESK

Консерватория түлектері мен студенттері халықаралық аренаны бағындырды!


Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі Диас Елемес (профессор А. Гайсиннің сыныбы) «Premio Internazionale della Fisarmonica» беделді халықаралық баяншылар мен аккордеонистер байқауында «World Senior» санатында 1-орынды жеңіп алды.

Диаспен бірге "Қобыз және баян" кафедрасының 4-курс студенті Ақымбек Темірлан (Г. Нарымбетовтың сыныбы) және түлегіміз Жандос Сауыт (профессор А. Гайсиннің сыныбы) консерваториямыздың намысын қорғады.  

Италияның Кастельфидардо қаласындағы Premio Internazionale della Fisarmonica — жыл сайын 60 елден 200-ден астам музыкант пен 50 сарапшының басын қосатын әлемдегі ең беделді аккордеонистер конкурстарының бірі.

Музыканттарымызды жетістігімен құттықтап, оларға жаңа кәсіби шыңдарды бағындыруды тілейміз!

   

Альбомдарға оралу