Menu HELPDESK

Консерватория және Enactus



2023 жылдың 8 қарашасында Консерваторияда Халықаралық бөлімнің ұйымдастыруымен өнер-білім ордасы басшылығының Enactus Ұлттық офисінің вице-президенті Әділет Дәуітовпен кездесуі өтті. 

Кездесу барысында Enactus әлемдік қозғалысының қызметі, бизнес пен шығармашылық әріптестігі, сондай-ақ алдағы уақыттардағы ынтымақтастықты нығайтумен қатар консерватория студенттерінің аталмыш кеңсенің бағдарламаларына қатысуы мәселелері талқыланды.

Іс-шараға тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор, халықаралық бөлім өкілдері, факультет декандары, кафедра меңгерушілері мен консерватория студенттері қатысты.









Альбомдарға оралу