Консерватория жатақханасында тұратын студенттермен кездесу
5 қыркүйек 2024
2024 жылдың 5 қыркүйегі күні, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы жатақханасының спорт залында, жатақханада тұратын студенттердің консерватория басшылығымен кездесуі өтті.
Іс-шараға, тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Н.Т. Құлданов, ректор аппараты басшысы В.В. Сиротин, студенттер және түлектермен жұмыс жөніндегі бөлім басшы Ж. Ж. Ысқақов, студенттер және түлектермен жұмыс бойынша менеджер Ә. А. Серік, сондай-ақ, жатақхана басшысы Т. К. Ахметжанова қатысты. Кездесудің басты мақсаты студенттердің жатақханада тұруына байланысты жатақхана мәселелері бойынша аспектілерді анықтауға және оларды шешудің тиімді жолдарын табуға бағытталған жұмыстарды талқылап жүргізу.
Кездесу барысында студенттер, жатақханада тұрудың әртүрлі аспектілеріне қатысты сұрақтар қоюға мүмкіндік болған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оның ішінде өртке қарсы және өзге де нормаларды қатаң сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, жалпы қолданыстағы аймақтарда және студенттердің жеке тұрғын бөлелмелерінде тазалық пен тәртіпті сақтау шаралары, сонымен қатар, ас үйді, кір жуатын бөлмені және басқа да жалпы аумақтарды пайдалану ережелері туралы сөз қозғалды. Студенттердің жатақхана мүлкінің сақталуына жауапкершілік танытуларына да ерекше назар аударылды. Белгіленген ережелерді құрметтеуге, соның ішінде ішімдік ішуге және темекі шегуге тыйым салынғаны ексертілді. Сонымен қатар, жатақхана тұрғындары арасындағы студенттер қауымдастығын нығайтуға бағытталған іс-шаралар бағдарламасын кеңейту мүмкіндігі туралы сұрақтар қозғалды.
Отбасы күнін мерекелеу қарсаңында «Саналы түрде ата-ана болу» және «Дені сау ұрпақ» сияқты маңызды талқылауға бағытталған тақырыптар да көтерілді. Талқылау барысында ата-ана болумен байланысты жауапкершілікті сезінуге, жастарды отбасын құруға дайындауға, сондай-ақ физикалық және моральдық тұрғыдан сау болашақ ұрпақты қалыптастыру мақсатында салауатты өмір салтын насихаттау қажеттілігіне қатысты сұрақтар көтерілді. Осы мәселелер бойынша сөз қозғау барысында, жеке тұлғаның даму жолы және қоғамдық әл-ауқат контекстіндегі отбасылық құндылықтар мен денсаулықтың маңыздылығы атап өтілді.
Кездесу соңында тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Н.Т.Құлданов студенттерге белсенділік танытып кездесуге қатысқандары үшін студенттерге алғысын білдірді. Студенттер өз кезегінде мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, болашақта оларды үнемі өткізіп тұрудың қажеттілігін де атап өтті.
Қабылдау 2024