Консерватория ұжымы қазаға көңіл білдіреді!
Құрманғазы атындағы ҚҰК ұжымы «Жалпы фортепиано» кафедрасының педагогы Жангалина Лейла Мұхтарқызының қайтыс болғанын өкінішпен хабарлайды.
Лейла Мұхтарқызы кафедраның тәжірибелі оқытушыларының бірі еді, оның өмірлік және шығармашылық жолы консерваториямен тығыз байланысты болды.
Гнесиндер атындағы институтта жоғары білім алып, мәскеулік профессорлардың сыныптарында оқыды. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін бірден Құрманғазы атындағы ҚҰК «Жалпы фортепиано» кафедрасында жұмыс істей бастады.
Консерваторияда жұмыс істеген кезінде Лейла Мұхтарқызы өзін педагогикалық және орындаушылық жағынан да жоғары деңгейде көрсетіп, жан-жақты музыкант екенін танытты. Л.М. Жангалина сыныбының көптеген түлектері қазіргі таңда бүкіл Қазақстан таралып, еңбек етуде.
Ол орындаушы ретінде өз шығармашылығында әртүрлі бағыттағы фортепиано жанрларын қамтыды. Оның жеке концерттерінде Скарлатти, Моцарт, Бетховен, Шопен музыкалары ойналды. Оның ойыны Равель мен Прокофьевтің шығармаларын мұқият оқығандығымен ерекшеленеді. Лейла Мұхтарқызының орындаушылық стилі шеберлікке, шабыттануға және бейнелердің терең мазмұнына тән.
Консерватория ұжымы Жангалина Лейла Мұхтарқызының туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Жаны жәннатта болсын.