Консерватория ұжымы Президент жолдауына қолдау танытты
Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұжымы консерватория ректоры Арман Әділханұлы Жүдебаевтың жетекшілігімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында жасаған Қазақстан халқына арналған Жолдауын тыңдады.
Консерватория ұжымы Мемлекет басшысының Жолдауындағы көрсетілген қадау-қадау мәселелердің халық көкейінен шығатынына сенімді. Президентіміз елді мазалап жүрген, талайдан бері жинақталған сауалдарына жауап боларлық бірқатар мәселелердің оң шешімін табатынын қадап айтты. Жолдаудың маңыздылығы – қоғамның алға дамуын пайымдап және өмір сүру сапасын арттыруға арналған стратегиялық міндеттер жүктелгендігінде! Маңызды құжатта жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы және әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар қамтылды.