Консерваторияда Арт-менеджмент тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтпек
2022 жылғы 29–30 қарашада Алматыда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында (Алматы, Қазақстан) «Қоғамды жаңғырту стратегиясындағы Арт-менеджмент: сын-қатерлер, тәжірибелер, кадрлар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
Өнердегі менеджмент тақырыбын қозғайтын жиында негізгі үш бағыт бойынша түрлі мәселелерді кеңінен талқылау көзделіп отыр:
· Арт-менеджерді дайындаудағы білім беру стратегиялары мен әдістері;
· Нақты экономика мен арт-менеджменттің өзара іс-қимылы;
· Қазақстандағы продюсерлік және креативті арт-менеджмент.
Конференция ұйымдастырушылары өнер және мәдениет саласындағы арт-менеджменттің тарихы мен қазіргі жай-күйінің өзекті мәселелерін кеңінен қамтуда, пікірталастар мен зерттеу және практикалық бастамаларды шоғырландыруға арналған платформа құруда өз мақсаттарын көреді. Сондықтан, көрсетілген бағыттар қатысушыларды сөз сөйлеу үшін баяндама тақырыптарын таңдауды шектемейді.
Өнер және білім беру саласындағы өнер менеджменті мәселелерін зерттейтін ғалымдар, студенттер, магистранттар, докторанттар мен оқытушылар, сондай-ақ кәсіби арт-менеджмент саласында тәжірибесі, теориялық және тәжірибелік әзірлемелері бар кәсіпкерлер, практиктер, бизнес және мәдениет өкілдері өнер техникасы конференцияға қатысуға шақырылады.
Конференция аясында концерттік бағдарлама, шеберлік сыныптары, музыка өнеріндегі өнер менеджменті саласындағы оқытудың жаңа әдістерін, білім беру ұйымдарында студенттермен жұмыстың практикалық түрлерін көрсетуге арналған цифрлық көрме ұйымдастырылады.
Оларды өткізуге өтінімдерді Ұйымдастыру комитеті конференцияға қатысушылар мен жоба кураторларынан қабылдайды (конкурстық іріктеу).
· Ұйымдастырушылар: Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Арт-менеджмент» кафедрасы.
· Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: 050000, Қазақстан Республикасы, Алматы, Абылай хан даңғылы, 86, 112 кабинет.
· Телефон: +7 707 049 32 91 (Алина Игоревна Идрисова)
· Электрондық почта: artman.knk@gmail.com
· Ресми сайт: www.conservatoire.edu.kz
· Instagram: @kaf.knk.art
Конференция қорытындысы бойынша конференция материалдарының жинағын шығару немесе «Saryn» ғылыми журналының арнайы санын шығару жоспарлануда.
Конференция дәстүрлі күндізгі форматта өтеді. Қажет болған жағдайда ұйымдастыру комитеті конференцияға қатысушыларға ұйым басшысының атына ресми шақыру жібереді. Жіберуші тарап есебінен қатыса алады.
Конференцияға қатысу үшін өтініш пен баяндама тезистерін (1 және 2 қосымшаларды қараңыз) 2022 жылдың 11 қарашасына дейін мына электрондық поштаға жіберу қажет: artman.knk@gmail.com.
Конференцияны ұйымдастырушылар өтінімдер мен тезистерді таңдау құқығын өзіне қалдырады. Конференция талаптарын орындаған жағдайда үміткерлерге өтініш пен мақаланың қабылданғанын растайтын хат жіберіледі (2-қосымшада көрсетілген барлық талаптарды орындау қажет).
* Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
* Презентация қорғауға берілетін уақыт: 10 минуттан аспайды (+ 5 минут талқылау).