Консерваторияда «Қаржы орталығы» АҚ өкілімен кездесу өтті
Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А. Жұбанов атындағы кіші залында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурызындағы №390 «Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу, өз бетінше жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын міндетті жұмысты өтеу, міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту» туралы Қаулысының 8,14 тармақтарының 1,4 тармақшасына сәйкес, «Қаржы орталығы» АҚ өкілі Ибраева Жанар Саметқызының қатысуымен ZOOM платформасында 2022-2023 оқу жылында бітіретін бакалавриат, магистратура, докторантура білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан бітіруші түлектерге арналған іс-шара өтті. Жиында консерваторияның Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ешмұханов Мұхамбет Ашхатұлы модераторлық етті.
Консерваторияның ресми сайтында «Қаржы орталығы» АҚ өкілімен кездесу өтетіні туралы ақпарат алдын ала жарияланып, барлық бітіруші түлектер хабардар етілді. Мемлекеттік білім беру грантын өтеу туралы өз міндеттерін орындауларына байланысты білім алушылардың түрлі сауалдарына қаржы орталығының өкілі кеңінен жауап бері.