Menu HELPDESK

Авторлық құқық және құқықтық реттеу бойынша Семинар



2023 жылы 19 қыркүйекте Ұлттық зияткерлік меншік институты Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының барлық білім беру деңгейлеріндегі оқытушылар мен білім алушылар үшін «Авторлық құқық және туындыларды патенттеу» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарды сапа менеджменті секторының қызметкерлері ғылым бөлімінің және концерттік-шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру қызметінің қолдауымен ұйымдастырды.

Іс-шараның спикерлері QazPatent қызметкерлері болды:

Раушан Аввалова, Авторлық құқық басқармасының басшысы, Qazpatent (офлайн);

Аружан Ұлханова, Зияткерлік меншік құқығы орталығының (IPR Center) бас сарапшысы, Qazpatent (онлайн);

Динара Молдахметова, Байланыс орталығының басшысы, Qazpatent (онлайн).

      Кездесу аясында келесі мәселелер талқыланды:

§ Зияткерлік меншік ұғымы және маңыздылығы;

§ Өз туындысына авторлық құқықты тіркеу (авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу);

§ Qazpatent сайты және өтініш берушінің Жеке кабинеті бойынша навигация.

#кнк #консерваторияkz  #knc  #құрманғазы #консерватория #музыка #мәдениет  #консерватория  #өнер  #music  #семинар  #seminar #авторлыққұқық 















Альбомдарға оралу