Menu HELPDESK

Консерваторияда Бейбарыс Сұлтанның 800 жылдығына арналған іс-шара өтті



2023 жылдың 15 қарашасында консерваторияның А. Жұбанов атындағы кіші залында Бейбарыс Сұлтанның 800 жылдығына арналған іс-шара өткізілді. Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті Айдос Тоқтағұл Мыңжанұлының атақты Сұлтанның тұлғасы туралы баяндамасынан соң «Дебют» студенттік театры «Бейбарыс Сұлтан – Дешті Қыпшақтың перзенті» атты театрландырылған қойылым көрсетті.

Бейбарыс Сұлтан Дешті Қыпшақ даласында, Еділ мен Жайық өзені аралығында дүниеге келген деген мәлімет бар. ХІІІ ғасырдың орта шенінде шапқыншылық соғыстар өршіп тұрған кезде Дешті-Қыпшақ мемлекетіне шабуыл жасалып, болашақ сұлтан тұтқынға түсіп, құлдыққа сатылып кетеді. Дамаскінің базарында Бейбарысты алдымен бір саудагер 800 дирхемге құлдыққа сатып алмақшы болады. Бірақ көзінен кемістік тауып, одан бас тартады. Осыдан кейін оны әмір Айдакин Бұндуқдари сатып алады да дәстүр бойынша жаңа мәмлүк «Бейбарыс әл-Бұндуқдари» деп аталады.

Өзінің қайсарлығы мен батылдығының, алғырлығының арқасында Бейбарыс әскери қолбасшылыққа қол жеткізіп, кейіннен Мысыр елінің билеушісіне айналды. Ол сұлтан болған соң кресшілерден Таяу Шығысты азат етсе, Шыңғысханның ұрпақтары Хулагидтерді жеңген. Бейбарыс Сұлтан тек әскери қолбасшы ғана емес, экономиканы дамытуға көп үлес қосқан, яғни барлық жерде көпірлер салу арқылы көпестердің басқа елдерден Египетке келуіне жағдай жасаған, барлық қалаларда мешіттер, медреселер салып ислам дінінің таралуына зор үлес қосты. Аты аңызға айналған әскери қолбасшы және мемлекет қайраткері 1227 жылы Дамаск қаласында қайтыс болды.







 



Альбомдарға оралу