Menu HELPDESK

Консерваторияда «Біз экстремизмге қарсымыз!» атты кураторлық сағат өтті



Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында 1-курс студенттеріне арналған «Біз экстремизмге қарсымыз!» атты кураторлық сағат өтті.

Шараны Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Мұхамбет Ашхатұлы Ешмұханов жүргізді. Ол көтерілген тақырыпқа байланысты түсіндірме жасады. Проректордың сөзін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы Динара Сахибқызы Өтебаева жалғады. Ол өз сөзінде діни экстремизмнің қаупі және оған қарсы әрекеттер туралы жете түсіндірді. Яғни Динара Сахибқызының айтуынша, экстремизм шектен шыққан көзқарастар мен әрекеттерді ұстану, қоғамда қалыптасқан нормалар мен ережелерді түбегейлі жоққа шығару ретінде сипатталады, сондай-ақ саяси салада көрініс беретін экстремизм «саяси экстремизм», ал діни бағыттағы экстремизм «діни экстремизм» екендігі атап көрсетілді.

Сондай-ақ, педагог экстремизм бағытына жасөспірімдердің жақын болу себептерін де тізіп өтті. Олар:

- әлеуметтік-экономикалық дағдарыстар;

- саяси құрылымдардың деформациялары;

- халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі;

- діни ілімдерді жалған түсіндіру.

Динара Өтебаева Қазақстан зайырлы ел болғандықтан, елімізде дінге шектеу жоқ екендігін және азаматтардың діни ұстанымына да шектеу қойылмағандығын айтып, алайда қауіп төндіретін жағдайлардан алыс болуға әрі діни экстремизмнің құрығынан абай болуға шақырды.

Студенттеріміз маңызды мәселеге байланысты толық ақпарат алып, теріс ағымдардың арбауынан аулақ болатындарын айтты.







Альбомдарға оралу