Консерваторияда «Бос жұмыс орны жәрмеңкесі» атты іс-шара өтті
2022 жылдың 4 мамырында жұмыс берушілерге арналған «Бос жұмыс орны жәрмеңкесі» іс-шарасы ұйымдастырылды. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі 2021-2022 оқу жылының бітірушілеріне мамандықтары бойынша еліміздің өңірлеріндегі алдыңғы қатарлы мәдениет ұжымдарына жас маман атануына мүмкіндік береді. Өз кезегінде аталған іс-шара консерваторияның кеңістігінде жұмыс берушілер мен болашақ түлектерімізге бірін-бірі табуына жол ашып, болашақ түлектерімізге перспективті тұрғыда лайықты жұмысқа орналасуға септігін тигізеді.
Аталған іс-шараға «Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы» (Талдықорған қ.), «И.Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы» (Павлодар қ.), «Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестігі» (Қарағанды қ.), «Ақан сері атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясы» (Петропавл қ.), «Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы» (Ақтөбе қ.), «Қызылорда облыстық филармониясы» (Қызылорда қ.), Қарағанды академиялық комедия театры (Қарағанды қ.), сонымен қатар, «К.Бәйсейітова атындағы Республикалық мамандандырылған балалар музыкалық мектеп-интернаты» (Алматы қ.), «Талғар қалалық музыка мектебі» (Талғар қ.) мекемелерінің басшылары мен өкілдері қатысты.
Іс-шара соңында консерватория ректоры Жүдебаев Арман Әділханұлы жұмыс берушілермен дөңгелек үстел өткізді. Кездесу барысында жұмыс берушілер тарапынан жас мамандарды жұмыспен қамту бойынша өзекті мәселер талқыланып, оқу орны мен жұмыс берушілер арасында екеуара жұмыспен қамтудың оңтайлы жолдары қарастырылды.