Консерваторияда бос жұмыс орны жәрмеңкесі өтті
2023 жылдың 3 мамырында консерваторияда жұмыс берушілерге арналған «Бос жұмыс орны жәрмеңкесі» іс-шарасы ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – 2022-2023 оқу жылындағы бітірушілерге мамандықтары бойынша еліміздің өңірлеріндегі алдыңғы қатарлы мәдениет ұжымдарында жас маман атануына мүмкіндік туғызу. Жиынды өнер-білім ордасының уақытша ректор м.а., Оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры Г.Б. Әбдірахман ашып берді. Іс-шара барысында жұмыс берушілер өз ұсыныстарын ортаға салып, болашақ түлектерімізге лайықты жұмысқа орналасуға шақырды.
Аталған іс-шараға «Қанабек Байсейітов атындағы саз колледжі» (Талдықорған қ.), «Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжі» (Алматы қ.), «Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы» (Тараз қ.), «Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжі.» (Қызылорда қ.), «Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы» (Ақтөбе қ.), «Қызылорда облыстық филармониясы» (Қызылорда қ.), Қ.Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігі (Қарағанды қ.), «К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаты» (Алматы қ.), «А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі» (Алматы қ.), сонымен қатар «Т. Қалмағамбетов атындағы Жезқазған филармониясы» (Жезқазған қ) мекемелерінің басшылары мен өкілдері қатысты.