Menu HELPDESK

Консерваторияда «Этносольфеджио» курсының оқулықтары мен монографиясының тұсаукесер рәсімі өтті



2022 жылдың 7 қарашасында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Қазақ ұлттық өнер университеті «Музыкатану және композиция» кафедрасының доценті, өнертану ғылымының кандидаты Байбек Айгүл Қыдырғалиқызының қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген «Этносольфеджио» курсының оқулықтары мен монографиясының тұсаукесер рәсімі өтті.

 

Музыкатанушылар мен дәстүрлі музыка зерттеушілерінің, дәстүрлі орындаушылардың назарына үш басылым ұсынылып отыр. Олар: диссертациялық зерттеу негізінде жазылған: «Песенный стиль Арки в контексте Этносольфеджио» монографиясы және «Заманауи музыкалық білім беру жүйесінде ән дәстүрін трансформациялау», «Трансформация песенной традиции в современном обучении профессиональных музыкантов» атты екі оқулығы.

 

Жаңа кітаптардың тұсауын Әсия Ибадуллақызы мен Сайра және Абдулхамит Райымбергеновтер кесті. Жиын қонақтары: Қазақ фольклористикасының тарланы, өнертану докторы, профессор Әсия Мұхамбетова, ҚР «Мәдениет қайраткері», «Құрмет» орденінің иегері Абдулхамит Райымбергенов, Айгүл Қыдырғалиқызының ұстазы, өнертану кандидаты Сайра Шәкірқызы, белгілі ғалым Сәуле Өтеғалиева, PhD философия докторы, «Халық әні» кафедрасының меңгерушісі, «Мәдениет саласының үздігі» Амангелді Күзеубай сынды музыкатанушы ғалымдар авторға құтты болсын айтып, келелі еңбектер жөнінде өз пікірлерін ортаға салды.


























 



Альбомдарға оралу