Консерваторияда «Кедергісіз болашақ» атты лекция-семинары өтті
15 қараша 2022
2022 жылдың 14 қарашасында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Ел-Шежіре» Қоғамдық Қоры мен Алматы қаласы әкімдігі Қоғамдық даму басқармасымен бірлескен «Өмір – ең басты құндылық» жобасын іске асыру бойынша психолог Ж.Ғаниқызының «Кедергісіз болашақ» атты лекция-семинары өтті.
Суицидке қарсы алдын-алу шаралары бойынша студент жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, психологиялық лекция өткізілді. Студенттердің өз-өзіне қол жұмсауы – дүние жүзіндегі ең өзекті мәселелерінің бірі, сол себептен суицидтік әрекетті алдын алу үшін психопрофилактикалық, диагностикалық және коррекциялық, жұмыстар жүргізілді.
Семинарға арнайы психолог мамандар, студенттер, студенттік ұйымдардың өкілдері қатысты.
Қабылдау 2024