Menu HELPDESK

Консерваторияда Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар өтеді

Құрметті әріптестер!

 

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Аспаптық орындаушылық факультеті Сіздерді 2023 жылғы 2 наурыз күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының конференц-залында өтетін «Орындаушылық өнер дәстүрлері: бароккодан қазіргі заманға дейін» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинарға қатысуға шақырады. Атсалысуға оқытушылар, ізденушілер, докторанттар, магистранттар, студенттер және қызығушылық танытқан барлық тұлғалар шақырылады.


Семинардың мақсаты: орындаушылық пен музыкалық білім беру саласындағы озық педагогикалық тәжірибелерді жинақтау, ғылыми, әдістемелік ақпараттар алмасу.


Семинардың негізгі тақырыптық бағыттары:

•          Орындаушылық пен интерпретация мәселелері: тарих және қазіргі заман;

•          Осы заманғы музыкалық білім беру проблемалары/мәселелері.


Семинар аясында музыкалық білім беру үдерісіндегі жетекші білім беру әдістемелерін көрсету мақсатында шеберлік сыныптарын өткізу көзделіп отыр.


Семинарға төмендегі форматтар бойынша қатысуға болады: дөңгелек үстел аясында баяндама жасау; сырттай қатысу (дыбыстық оқусыз, стенділік баяндама жасау).



Альбомдарға оралу