Menu HELPDESK

Консерваторияда маусымдағы референдумға қатысты дөңгелек үстел өтті


Бүгін консерваторияның мәжіліс залында үстіміздегі жылдың 5 маусымында өткелі жатқан жалпыхалықтық референдумға байланысты ақпараттандыру әрі түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел өтті.

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, профессор Қайырбекова Әлима Ғафуқызы мен гуманитарлық ғылымдар магистрі, аға оқытушы Мәтжанова Қарлығаш Көкенайқызы дөңгелек үстелге жиналған консерватория ұстаздары мен қызметкерлері алдында саяси науқанға қатысты баяндама жасап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ көпшілік сұрақтарына жауап берді.

Үштен бірі өзгеріске түскелі отырған жаңа конституциямызда Суперпрезиденттік басқару формасынан парламенті күшті президенттік республика статусына өтпекпіз. Яғни, мемлекет билігі халықтың қолына көшіп, ел үшін өзекті мәселелердің барлығын тек халықпен бірлесе отырып, шешу мүмкіндігі тумақ. Тағы бір үлкен өзгеріс, бүкіл қазба байлықтар мен табиғи ресурстардың иесі халық болып есептелетін болады.

Ендеше бірлігімізді көрсетіп, ел болашағы үшін маңызды науқанға ұйымшылдықпен атсалысайық!





Альбомдарға оралу