Консерваторияда отбасылық-дәрігерлік орталығының маманымен кездесу өтті
7 ақпан 2024
2024 жылдың 7 ақпанында консерваторияның А.Жұбанов атындағы концерттік залында Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Ешмұханов Мұхамбет Ашхатұлының ұйымдастыруымен Республикалық отбасылық-дәрігерлік орталығының терапевт дәрігері Шайдарова Ақерке Бақытжанқызымен кездесу өтті.
Қыс мезгілінде тыныс жолдарының түрлі аурулары қозып, тұмаудың өршуі, басқа да дерттердің жайылу қаупі күшейетіні белгілі. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде, демекші, аурудан сақтану, оның алдын алу жолдары жайлы тарқата айтқан дәрігер маман, басқа да түрлі дерттердің таралуына тосқауыл қою керектігіне, бұл орайда гигиена мәселесі бірінші орынға шығатынына баса назар аударды.
Денсаулықты күту үшін тазалық сақтау, антисептик түрлерін пайдалану, гигиена талаптарын қатаң тұту, салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды әдеттерден аулақ болу маңызды екені айтылды. Сондай-ақ адам ағзасына пайдалы, зиянсыз тағамдарды тұтыну, спортпен шұғылдану қажет, жақсы ұйықтап, таза ауада серуендеу де өте пайдалы. Науқас адамның маманның көмегіне жүгініп, мұқият тексеріліп, емделгені абзал. Деннің сау болуы әр азаматтың өзіне байланысты, әр адамның денсаулығы өз қолында.
Қабылдау 2024