Menu HELPDESK

Консерваторияда «Ұстазға тарту» атты концерт өтті



Бүгін Қазақ ұлттық консерваториясының А.Жұбанов атындағы кіші залында Сабыров Рүстем Насырұлының 90 жылдығына арналған «Ұстазға тарту» атты концерт өтті.

Мерекелік шара барысында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жанат Ерманов жетекшілік ететін «Ағаш үрмелі аспаптар квинтеті» өнер көрсетті. Квинтет құрамында халықаралық байқаулардың лауреаттары Ақерке Омарова (флейта), Құралай Мәлімбаева (гобой), Халық Дәуір (фагот) және Санжар Қадырбеков (валторна) бар. Алияр Өтетілеу фортепианода ойнады.

Іс-шараны Наталья Горячева жүргізді. Концерттік бағдарламада Э.Келердің «Шығыс серенадасы», С.Рахманиновтың «Вокализ», Р.Шуманның «Үш таңғажайып пьесасы», Г.Винтердің «Лунная охота», Ф.Мендельсонның «Песня без слов», К.Дебюссидің «Аршагүлі», А.Цемлинскийдің «Әзіл-оспағы», Ж.Ибердің «Үш пьесасы», Д.Шостаковичтің «№2 вальсі» және Н.Римский-Корсаковтың шығармалары орындалып, залға жиналған қалың көрерменді тәнті етті.

Мерекелік шара жоғары деңгейде өтіп, сахнада өнер көрсеткен жандар көпшіліктің қошеметі мен ризашылығына ие болды.

 



Альбомдарға оралу