Menu HELPDESK

Консерваторияда сценарист-драматург Назгүл Сарыбаймен кездесу өтті

IMG-20220330-WA0012.jpg

Бүгін өнер-білім ордасында продюсер, журналист, сценарист-драматург Назгүл Сарыбаймен шығармашылық кездесу өтті. Отырысты «Арт-менеджмент» кафедрасы ұйымдастырды.

Назгүл Сламбекқызы – ҚР Мемлекеттік мерекелік шараларының сценаристі, Журналистер Одағының мүшесі. Ол бүгінгі кездесуде «Сауатты сценарий сыры» тақырыбында әңгіме қозғап, сценарий жазудағы фишкалар және жұлдызды жобалардың ерекшелігіне тоқталды. Сондай-ақ сценарист өзі жектекшілік еткен жобалар жайында да баяндады. Мәселен, күйші Сүгірдің 125 жылдығына арналған «Күй керуен» 2007 жыл, КСРО Халық артисі, Халық қаһарманы, әнші Роза Бағланованың 90 жылдығына арналған «Айналайын, халқымнан еркелеткен», Алматы қ, 2012 жыл (Республика сарайы), Астана қаласы әкімінің қайырымдылық балы, Нұр-Сұлтан қ., 2016 жыл, 29 желтоқсан (Тәуелсіздік сарайы), Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен өткен қала күніне арналған мерекелік концерт. Тәуелсіздік сарайы, Нұр-Сұлтан қ., 2019 жыл, ҚР Отан қорғаушылар күніне арналған «Ақиқат пен Аңыз» концерт- спектаклі, Нұр-Сұлтан қ., 2021 жыл және т.б.

Назгүл Сарыбай «Концерт сценарийінің қызықты болуы неге байланысты?», «Сценарийдің негізгі 3 тұғыры қандай?», «Сценарийдің қармағы не?» және т.с.с сауалдарға тұщымды жауап берді.

Сценарист-драматург ең бастысы, сценаристке көп оқу керектігін, оқыған, түйген дүние ойдың бұлтына айналатындығын, ал ойдың бұлты сөздің жауыны болып құйылатындығын да әңгіме барысында сөзге тиек етті.

Шығармашылық кездесуге қатысушылардың барлығы да жақсы әсер алып, маңызды мағлұматтармен қанықты.


DSC_8534.JPG


DSC_8531.JPG



Альбомдарға оралу