Menu HELPDESK

Консерваториядағы мерейтой иелерін құттықтау

Бүгін, Құрманғазы атындағы  Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Гаухар Тасбергенова ғұмырын музыкаға арнап, ұзақ жылдар бойы кәсіби музыканттарды  тәрбиелеу жолында қызмет еткен мерейтой иелерін құттықтады.

Қазақстандағы жұмысшы мамандықтар жылы аясында педагогтардың еңбегін және  өз ісіне адалдығын ерекше атап өткен маңызды. Себебі, бұл азаматтардың тәжірибесі мен кәсіби шеберлігі ұлттық музыкалық өнердің болашағын қалыптастырады. Олардың жұмысы – бұл тек қана мамандық қана емес, шеберлік, дәстүрлер мен білім берудің тарихы.

Мерейтой иелерін құттықтап, олардың көпжылдық еңбегі, музыкаға деген адалдығы және консерваторияның дамуына қосқан баға жетпес үлесі үшін алғысымызды білдіреміз!

 

 

 

 
Альбомдарға оралу