Menu HELPDESK

Консерваторияда «Құқықтық сауаттылықты арттыру. Мемлекеттік білім беру гранттарын өтеу» атты кураторлық сағат өтті

119ac246-9fe4-4f1b-8385-9ed78b468f3a.jpg

Бүгін өнер-білім ордасының А.Жұбанов атындағы кіші концерт залында 2021-2022 оқу жылындағы 4-курс студенттеріне арналған кураторлық сағат өтті. Кураторлық сағатты консерваторияның Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры М.Ешмұханов пен Студенттер және түлектермен жұмыс жасау бөлімі өткізді.

Аталмыш шара «Құқықтық сауаттылықты арттыру. Мемлекеттік білім беру гранттарын өтеу» атты тақырыпты қозғады. Іс-шара барысында проректор М.Ешмұханов пен оқу ордамыздың заңгері А.Б.Кенженова студенттерді мемлекеттік білім беру гранттарын өтеу туралы толғандырған мәселелерге жауап берді.

Заңгер студенттеріміздің 2022 жылдың маусымында оқу жылын аяқтап, диплом алғаннан кейін мемлекеттік грантты өтеу үшін мамандық бойынша 3 жыл мерзімде қызмет жасау керектігін, ал ақылы негізде білім алған және I-II топ мүгедектігі бар студенттер мемлекеттік білім алу грантын өтеуден босатылатындығын атап өтті. Уақытша мемлекеттік грантты өтеуден босатылатын студенттер қатарына мерзімді әскери қызметтегі азаматтар мен декреттік демалыстағы аналар да (бала күтімі бойынша 3 жасқа дейін) жатады.

Ал проректор Мұхамбет Ашхатұлы мемлекеттік білім алу грантына 3 жыл мерзімде қызмет етпеген жағдайда ҚР БҒМ (қаржы орталығы) акционерлік орталығының есептеуі бойынша мемлекеттік грантты қайтару міндеттелетіндігін ескертті.

f0a7ec85-d743-4822-a079-b9f78919491e.jpg

Альбомдарға оралу