Menu HELPDESK

Консерваторияда «Жаңа Қазақстан» атты кураторлық сағат өтті



2022 жылдың 19 қазанында Е.Рахмадиев атындағы үлкен концерт залында Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Ешмұханов Мұхамбет Ашхатұлының консерватория студенттерімен «Жаңа Қазақстан» атты кураторлық сағат өтті.

Кураторлық сағатымызды вокалдық өнер мамандығының 2-курс студенттері консерваториямыздың әнұранын шырқаумен бастады. Әрі қарай Студенттер және түлектермен жұмыс жасау бөлімінің жетекшісі Ысқақов Жалғас Жанысұлы 25 қазан Республика күнінің шығу тарихын студенттерімізге түсіндірді. Проректор Мұхамбет Ашхатұлы, қанша уақыт өтсе де тәуелсіздікті көздің қарашығындай сақтау бүгінгі жастарға, келешек ұрпаққа мәңгі аманат болып қалатынын естен шығармау керектігін айтты. Ұлан байтақ жеріміз бен бай мәдениетімізді таныту, ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңіру студент жастардың болашақта тұлға болып қалыптасу жолында маңызды рөл атқаратыны туралы өз ойымен бөлісті. Сонымен қатар, осындай мерекелік шаралардың ұйымдастырылып өткізілуі студенттердің бойындағы потриоттық сезімдерін оятып қана қоймай, жеріміз бен елімізді қорғайтын нағыз білімді де алғыр жастарды тәрбиелеуге септігін тигізетінін айтты. Және де кураторлық сағат барысында Республика күніне орай өткен «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбына эссе жазу байқауында топ жарған студенттеріміз алғыс хаттармен марапатталып, жиынға қатысушы білім алушылар «Менің арманымдағы Қазақстан қандай?», деген сұрақ төңірегінде өз ойларымен бөлісті.






Альбомдарға оралу