Menu HELPDESK

Консерваторияда жас мамандарды жұмысқа дербес бөлу (жолдама беру) жөніндегі комиссия отырысы өтті



22 маусым күні консерваториясының мәжіліс залында жас мамандарды жұмысқа дербес бөлу (жолдама беру) жөніндегі комиссия отырысы өтті. Аталмыш шараға Алматы қаласындағы түлектер жиналды. Ал, өзге өңірлердегі түлектер отырысқа қашықтықтан (ZOOM платформасы арқылы) қатысты.

Жиын барысында консерваторияның тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Ешмұханов Мұхамбет Ашхатұлы алғы сөз кезегін алып, комиссия қарауындағы басты мәселе-түлектерді жұмыспен қамту жайын баяндады. Сондай-ақ, іс-шараға «Музыкатану, арт-менеджмент және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер» факультетінің деканы Мұсағұлова Гүлмира Жақсыбекқызы, «Аспаптық орындаушылық» факультетінің деканы Бекенова Айжан Сләмқызы, «Халық музыкасы» факультетінің деканы Тоқжанов Төлепберген Төреахметұлы, «Вокал, дирижирлеу және музыкалық білім» факультетінің деканы Нүсіпова Айзада Сайфуллақызы қатысып, түлектерді болашақта жұмыспен қамту бойынша өзекті мәселелерді сөз етті.

Жылсайын консерватория түлектеріне еліміздің түрлі өңірлерінің білім және мәдениет мекемелерінен, яғни облыстық филармониялар, музыкалық колледждер мен арнаулы мамандандырылған музыка мектептерінен, облыстық, аудандық мәдениет басқармалары мен мәдениет үйлерінен, түрлі концерттік ұжымдар, оркестр, хор, ансамбльдерден кәсіби мамандарға деген сұраныстарын білдірген өтініштер түсіп жатады. Биыл да сол бағыттағы өтініштер аз болған жоқ. Комиссия мүшелері түлектерімізді өңірлерден түскен өтініштер бойынша бағыттап, оларға жолдама беру мәселесін пысықтап, жиын қорытындысы бойынша алдағы уақыттарда жас мамандардың толығымен жұмыспен қамтылуын бақылауға алып, қадағалауды ұсынды.









Альбомдарға оралу